Өңірде жаңа жобалар мақұлданды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен облыс орталығының сәулеті жөніндегі кеңесте өңірде құрылысы жүретін нысандардың сәулеттік жобалары талқыланды. Әкімге облыс орталығында жүзеге асатын бастамалар таныстырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Өңір басшысы қолға алынатын жобалалардың сапалы, халыққа жайлы, Түркістан қаласының Бас жоспары мен Дизайн кодына сай жүзеге асырылуын қатаң қадағалауды тапсырды. Барлық жобалалар дер кезінде аяқталып, ел игілігіне тапсырылуы тиіс.

Бас жоспарға шаһардың 2040 жылға дейінгі даму перспективасы енгізілген. Құжатта тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға, қаланың инфрақұрылымын әрі қарай жақсартып, туризм саласын дамытуға басымдық берілген.

Түркістан қаласының Дизайн кодында сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар мен ережелер қамтылған. Басты мақсат – шаһардың мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру.

Ұқсас жаңалықтар

Ережені жиі бұзатын жүргізушілерді куәлігінен айырып,қайта емтиханға жіберу керек — Марат Қожаев

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жетісайда Мырзашөл елді мекені табиғи газға қосылды

berdaly_oraz

Пікір жазу