Ережені жиі бұзатын жүргізушілерді куәлігінен айырып,қайта емтиханға жіберу керек — Марат Қожаев

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар енгізуді ұсынды. Ол әсіресе ауқатты отбасылардың балалары ережелерді елемей, көлікті ойыншыққа айналдырғанын айтты.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Мысалы, бір жүргізуші бір жыл ішінде 143 рет ереже бұзып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Бірақ бұл да оны тоқтатпаған. Сенатордың пікірінше, жай айыппұл салу жеткіліксіз, сондықтан келесі шараларды қарастыру қажет:

Егер жүргізуші 10 және одан да көп ереже бұзса, оны қайтадан теориялық емтихан тапсыруға міндеттеу.

Қайталама заңбұзушылықтар үшін куәлікті уақытша тоқтату мүмкіндігін енгізу.

Жүйелі түрде ереже бұзатындарға айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастау.

«Олар жолда әдейі қауіпті маневр жасап, басқалардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл тоқтатылуы керек», – деді Қожаев.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚОҚЫСТЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ ТАСТАҒАНДАРҒА ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Лауазымынан кеткен, бірақ орнынан кетпеген бе?!Алматыда экс-полковник ұсталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

berdaly_oraz