Өңірлік жаңалықтар: Жетісай ауданында «Қоныс аудару” жәрмеңкесі өтті

Жетісайда «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқапов, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш қатысты. Сондай-ақ, жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау мен Қостанай облыстарынан келген делегация мүшелері келген.

Кездесуде теріскей аймақтардың жай-күйі, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Одан бөлек, тұрғын үй мен егістік жер алу, жұмысқа тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамытуға ниеттілер үшін салықтық жеңілдіктер жайлы айтылды. Шара соңында Жетісай ауданынан 11 адам Павлодарға, 10 адам Солтүстік Қазақстанға, 5 адам Қарағандыға, 4 адам Қостанайға, 3 адам Шығыс Қазақстанға, 3 адам Ұлытауға, 2 адам Абай облыстарына қоныс аударуға ниет білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы: Сарыағашта жастар тазалық жұмыстарына белсене қатысты

berdaly_oraz

Зейнеткерлерді қаржылық тығырықтан шығару жолдары ұсынылды

berdaly_oraz

Шымкентте өрттен 2 бала көз жұмды