Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді. Жәбірленушілердің бірі құқық қорғау органдарына арызданып, белгісіз адамның үйіне кіріп, бағалы заттарын ұрлап кеткенін хабарлаған. Ұры алтын жүзік, күміс білезік және Samsung A16 телефонын алып, жәбірленушіге 500 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде полиция бұрын ұрлық үшін сотты болған жігітті ұстады. Тергеу барысында күдіктінің тағы екі пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Ол 2024 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққанымен, қайтадан қылмысқа барған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар толығымен алынды, ал күдіктіге қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жаңа туған сәбиге бірнеше күрделі ота жасалды

Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі ҰОС ардагерін арнайы барып құттықтады

berdaly_oraz

Пікір жазу