Ордабасыда заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының фестивалі өтті

Мемлекет басшысы агралық салаға аса мән беріп, ауыл шаруашылығының дамуына барынша қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Осы орайда Ордабасы ауданында аграрлық секторды дамытуға бағытталған ерекше іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан басшылығы «Агромаш холдинг» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ауыл шаруаларын танымал брендтегі отандық заманауи ауылшаруашылығы техникаларымен және агрегаттармен таныстыру үшін «ЛОВОЛ ФЕСТ» (LOVOL FEST) фестивалін ұйымдастырды.

Фестивальде ауқымды ауылшаруашылық көрмесі ұсынылды. Фестивальдің ресми ашылуында аудан әкімі шараның маңыздылығына тоқталып, бүгінгі бастамаға сәттілік тіледі.

Шара аясында фестиваль қонақтарына «Агромаш холдинг» зауытының «LOVOL» брендінің ауылшаруашылық техникалары мен агрегаттары таныстырылды.

Онан соң бұл маңызды шара ауылшаруашылығы өнімдері презентациясы, тест драйв демонстрациялық көрсетілімі (техникалардың жұмыс істеу қауқарын іс-жүзінде көрсету), мерекелік түскі ас, құнды сыйлықтар ұтысы, отандық жұлдыздардың өнер көрсетуі сынды мәнді шаралармен толықты.

Бұл шара аудандағы ауыл шаруашылығына заманауи техникаларды қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.

Айта кетейік, аталмыш фестиваль елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ: ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласындағы №35748 әскери бөлімі маңызды оқу-жаттығудан өтті.

berdaly_oraz

ШАРДАРА СЭС-ІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

berdaly_oraz