Президент кеңесшісі түркістандық дін өкілдерімен кездеу өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев дін өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Басқосуда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерілген дін саласындағы өзекті мәселелер мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолдары талқыланды.

Кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, ғылым докторы Досай Кенжетай, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов,  Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов сөз сөйлеп, ұлттық тұтастықты нығайту мақсатында дін мен руханият, салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарды арттыру мәселесі басты назарда екенін айтып өтті.  Кездесуге қатысушылар еркін пікір алмасып, дін саласына қатысты мазмұнды ойларын ортаға салды.

Жиында сөз сөйлеген Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге тоқталып, осы дін арқылы қоғамның ішіне іріткі салатындарға жол бермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақты нығайту, заң мен тәртіпке бағыну, қоғамдағы рухани тұтастықты сақтау, салт-дәстүрді сақтау, сапалы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық сананы дамыту бағытында ойларын бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алуды қатаңдатып,автомектептерді бақылауға алу керек- сенатор Марат Қожаев

berdaly_oraz

Маңғыстау облысында 15 жастағы оқушы мектепке бармауы салдарынан ата-анасына айыппұл салынды

berdaly_oraz

Антикор қазақстандықтарға арнап WhatsApp чат-ботын іске қосты

berdaly_oraz

Пікір жазу