Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан күдіктіге 15 жылдан өмір бойына дейінгі жаза қарастырылған

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше ауыр бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Атап айтқанда, тергеу ҚК 24-бабының 3-бөлігі – қылмысқа оқталу, сондай-ақ ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы – басқа тұлғалардың өміріне қауіпті әдіспен кісі өлтіруге оқталу бойынша жүргізілуде.

Аталған баптар бойынша күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаға байланысты ресми мәліметтер мен сараптама қорытындылары кейінірек жарияланбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі «Tulip Hall» мәдени кешен атауын журналист сынға алды: Тұлып па, қызғалдақ па?

berdaly_oraz

Өңірде жаңа жобалар мақұлданды

Шымкентте қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылған

Альфия Адамбек