САЙРАМДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz

Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі. Тазалық — иманның жартысы деген. Әр адам тазалық өз ауласынан бастауы тиіс. Содан соң өскен өңірін де шаңырағындай жақсы көрсе, табиғатын аялай білсе, тазалығына да селқос қарамас еді,- дейді сенбілік қатысушылары.

Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz

АРЫСТАН ШЫҚҚАН АЛТЫН ҚОЛ ҚАҚПАШЫ: ШАНШАР НҰРСАЯТТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

berdaly_oraz