Сарыағаштық имам Әбдужаппар Смановтың әрекеті сынға ұшырап, ҚМДБ ескерту жасады

Сарыағаштық имам Әбдужаппар Смановтың әрекеті сынға ұшырап, ҚМДБ ескерту жасады,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешіттің имамы Әбдужаппар Смановтың әрекеті қоғамда қызу талқылануда. Желіде тараған видеода имамның балаларға аяғын уқалатып отырғаны көрініп, бұл жағдай қоғамда наразылық туғызды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасап, имамның әрекетін әдепке қайшы деп бағалады. Ұйым мешіттің ғибадат үйі, рухани орталық және иман мектебі екенін баса айтты. Осы себепті мешітте әдеп пен құрмет сақталуы тиіс екенін ескертті.

ҚМДБ аталған имамға ресми ескерту жасап, мешіт қызметкерлерін мінез-құлық нормаларын қатаң ұстануға шақырды.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде түрлі пікір туғызды. Бірқатар азаматтар имамның әрекетін орынсыз деп сынаса, кейбіреулері бұл жағдайды даулы мәселе ретінде қабылдады.

Осы оқиға діни қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте еске салып, мешіттегі тәртіп пен моральдық нормаларды сақтау қажеттігін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек

Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Шымкентте мәдениет және өнер университеті ашылады

Пікір жазу