Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

Арыс жол дистанциясының мәліметіне сәйкес, Шағыр станциясы аумағындағы реттеулі күзетулі өткелде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 12 ақпан күні сағат 9:00-15:00 аралығында Шағыр-Монтайтас өткелі уақытша жабылады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

«Жоспарлы жөндеу жұмыстары 3250-шақырымның 3-пикетінде өтеді. Бұл кезеңде автокөлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлап, балама жолдарды қарастыруға кеңес береміз.»,-делінген ведомство хабарласында.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ҚР ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқыту жиыны өтті

berdaly_oraz

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған