Шардара: Аудан әкімі Тыл ардагерлерін құттықтады

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz. 
Аудан басшысы тыл ардагерлері – Сраил Сахов, Анатолий Семенович Коломыц және Айдын Оразбекованың шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ол ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұрпақ қызығын көруді тіледі.
“Сіздердің соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі. Бейбіт күн үшін Сіздерге бүкіл аудан халқы атынан алғыс білдіремін,” – деді А.Қарсыбаев.
Кездесу соңында ардагерлерге Алғыс хаттар, Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласындағы №35748 әскери бөлімі маңызды оқу-жаттығудан өтті.

berdaly_oraz

«Виза да,ақша да жоқ»Астаналық жігіт АҚШ-қа виза аламын деп алаяққа алданып қалды

berdaly_oraz

Шымкентте жаңа туған сәбиге бірнеше күрделі ота жасалды

Пікір жазу