Түркістандық боксшы арулар 2 медаль олжалады

20-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтті. Аталған дүбірлі додада қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысының намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері 1 алтын және 1 қола медаль олжалады. 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айым Танкибаева барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 48 келі салмақта күш сынаған Виолетта Ким қола медальді қанағат тұтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Жетісайда жаңа өндірістер ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ

Алып қашу әлде қылмыс? Шымкентте бойжеткенді күштеп алып кеткендер сотталды

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласында “Дауыс беру — құқық пен жауапкершілік” тақырыбында квест ойыны өтті

Redaktor Arysinfo