Шардарада аудандық маңызды жолдың құрылыс жұмыстары басталды

Шардарада аудандық маңыздағы «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жолдың жалпы ұзындығы – 8,3 шақырым, ені – 5 метр. Бұл жоба өңір тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қозғалысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама.

Қазіргі таңда «Строймонтаж» ЖШС мердігер ұйымы ретінде бекітіліп, жолды тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста тарихи саябақтар жаңғыруда

Кентауда тамақтану нысанында өрт тіркелді

berdaly_oraz

Сырымдағы қайғылы жағдай: облыс әкімдігі шұғыл шара қабылдады

berdaly_oraz