Шардарада шомылу маусымы салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысында туризм саласын дамытуға басымдық берілуде. Оның ішінде Шардара ауданындағы «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының ашылуы өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев құттықтау сөз сөйлеп, шомылу маусымының сәтті әрі қауіпсіз өтуіне тілектестік білдірді.

Мерекелік іс-шара аясында жағажай аумағында түрлі спорттық жарыстар – волейбол, футбол, арқан тарту, қошқар көтеру және гір тас көтеру бойынша бәсекелер, сондай-ақ отбасылық «Толағай» сайысы өткізілді. Сонымен қатар аудандық көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында спорттық жарыстар мен отбасылық сайыстардың жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, аймаққа келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Түркістан Қазақстанның және бүкіл түркі әлемінің ең ірі туристік орталықтарының біріне айналуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер саны 500 мыңнан асты. Ал біркүндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Сондай-ақ 2024 жылдың III тоқсанында орналастыру орындарында демалған туристер саны 235 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі басталды

Республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» Сайрамдық оқушылар топ жарды

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Пікір жазу