Арыс қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күні егемен еліміздің басты нышандары — Ту, Елтаңба және Гимн ресми түрде бекітілген болатын. Содан бері бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіз еліміздің тұғырлы тұсын, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайтын айтулы мерекеге айналды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Атаулы күнге орай Арыс қаласындағы Тәуелсіздік стелласында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Тәңірберген Әсіл, «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы Мемлекеттік Тудың маңызы мен оның ел рухын асқақтатудағы рөліне тоқталып, рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі екенін атап өтті.

Шара барысында Мемлекеттік Әнұран шырқалып, барша қатысушылар рәміздерге құрмет көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

Маңғыстауда он күнде бес баланы қарақұрт шақты

Redaktor Arysinfo

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ САНАНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Redaktor Arysinfo