Шымкент әкімдігі Берденовтың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары әріптесіне оқ атылған күн жайлы айтып берді. Сонымен қатар әкімдіктің оқиғаға қатысты әлі күнге дейін үнсіз отырғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қала билігі полицейлердің ісіне араласпайтынын айтты. Сондықтан егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты. Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған түрлі ақпараттар шындыққа жанаспайды екен.

«Қылмыскердің бұл қылмысқа баруының әртүрлі себептері талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Тергеу бұл іске нүкте қояды», — дейді Берденовтың әріптесі.

Сәрсен Құранбектің оқиға болған күні әкім мен барлық орынбасары жұмыста болғанын айтты. Олар ауруханаға барып, отаның аяқталғанын күткен. Қала әкімі ауруханада түнгі 2 жарымға дейін болыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 2 мыңға жуық жас маман тұрақты жұмысқа орналасты

berdaly_oraz

Қ.МАҢҚАРАЕВ: ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ БОРЫШЫ

Redaktor Arysinfo

Трамп пен Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөздер бастамақ

berdaly_oraz

Пікір жазу