Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент жастар театры директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АҚЫНЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ӘКІМ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САРЫАҒАШТА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЦЕХ САЛЫНУДА

berdaly_oraz

Еңбек нарығына жолдама: Жетісу университеті мыңдаған жас маманға диплом табыстады

Redaktor Arysinfo