Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласының ПД қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген есірткі дүкені мен есірткі зертханасының ұйымдастырушысы «Б» есімді азаматты ұстады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.

Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.  

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр

Түркістан облысының 60-тан астам ауылы ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz