Шымкентте студенттер есірткімен ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды

Шымкент қаласында есірткі тарату бойынша студенттердің қатысы бар екені анықталды. 18 жастағы екі студент қала аумағында синтетикалық есірткі жасырған және оны мессенджер арқылы тарату ісін ұйымдастырған. Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Олардан 50 түйіншек есірткі тәркіленді. Бұл фактіні Абай ауданының прокуратурасы әшкерелеп, қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Қоғамда есірткі саудасымен күрес жүргізу қажеттілігі тағы да өзекті болып тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа белесіне көтерілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ОРТАҚ ІС

Redaktor Arysinfo

Шымкент пен Инчхон арасында тікелей әуе рейсі ашылды