Шымкентте тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны басталды

Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, «Ақтас» оқу полигонында әскери міндеттілердің қатысуымен, он күндік тактикалық-арнайы жиыны басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 

Таң азанымен бригаданың жеке құрамы оқу дабылы бойынша көтерілді. Қысқа мерзім ішінде жеке құрамды қабылдау пункті ашылып, Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдары арқылы шақырылған 118 әскери міндетті тіркеуден өтті. Әскери бөлімге келген соң, барлық әскери міндеттілер қажетті әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Республикасының «Қорғаныс және Қарулы күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің «Әскери жиындарды өткізу туралы» қаулысына сәйкес аумақтық қорғаныс іс-шаралары аясында өткізіліп отыр.
Ұйымдастыру іс-шаралары аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің саптық алаңында оқу-жаттығудың басталуына арналған салтанатты митинг өтті. Жиынға қатысушыларға оқу-жаттығудың басталуына байланысты құттықтау сөзін аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Ашимов алды.

– Осы сәттен бастап сіздер әскери қызметшілер болып есептелесіздер және алдағы он күнді бізбен бірге тактикалық-арнайы оқу-жаттығу аясында өткізесіздер. Баршаңызға нәтижелі, мазмұнды қызмет, ұжымда ұйымшылдық пен түсіністік тілеймін, – деді бөлім командирі.

Жиын барысында әскери міндеттілер бұрын алған білімдері мен дағдыларын қайталап, бөлімше және взвод құрамында бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағындағы аса маңызды нысандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-әрекеттерді тәжірибе жүзінде орындау жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өтті

Альфия Адамбек

Созақта жаңа мектеп пен спорттық кешен құрылысы аяқталуға жақын

berdaly_oraz

АРЫС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Пікір жазу