Шымкенттегі қоғамдық көліктерге «Автобус» қосымшасы енгізіледі

Шымкентте сәуір айынан бастап қоғамдық көліктерге «Автобус» қосымшасы енгізіледі, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жаңа «Автобус» қосымшасының бұрынғы «i-Kolik» жүйесіне қарағанда бірнеше артықшылығы бар екен. Оның көмегімен енді автобустардың қай жерде келе жатқанын, аялдамаға қанша уақытта жететінін алдын ала білуге болады.

Ресми ақпарат бойынша, жолаушыларға оны пайдалану үшін қосымша жүктеп, тіркелу қажет және электронды әмиянға ақша салса жеткілікті екен. Мегаполисте бұған дейін қолданыста болған «Төлем» жүйесі де алынып тасталады. Жол ақысын төлеу картасын «Автобусқа» тегін ауыстыруға болады немесе ішіндегі қаржысы таусылғанша, 1 мамырға дейін пайдалана алады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 300 МВт ҚУАТТЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысына тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының делегациясы келді

Түркістан облысының өңірлік логотипін әзірлеу мәселесі қаралды