Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Шымкенттегі №65 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Серік Нұрым АҚШ, Испания, Турция, Дубай, Германия, Британия, Гонконг, Болгарияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Болашақ мамандығымды таңдауда ең алдымен замана талабына сай азамат ретінде қалыптасу мүмкіндігіне басымдық бердім. Сол себепті де IT саласына таңдау жасадым. Себебі, бұл – тек технология емес, болашақты қалыптастыратын алып күш. Тың технология барлық саланың даму тетігіне айналды. Ғаламат өзгерістерді жасайтын көшбасшылар құрамында болу – мен үшін үлкен мотивация болады», — дейді С. Нұрым. 

Серік өзінің арманы – ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік деңгейдегі маман болу жолында сенімді қадам басып келеді. Ол жасанды интеллект, деректерді талдау және киберқауіпсіздік сияқты салаларға ерекше қызығушылық танытады. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУРУХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

berdaly_oraz

Жол сапасын арттыру мақсатында штаб-отырысы өтті

Төле би ауданында мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азамат ұсталды