Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

Түркістан өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған салаларға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың шағымдарын тыңдады. Ашық әкімдік кеңсесіне Отырар, Ордабасы, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларынан 10-нан астам азамат өтініштерін арқалай келді.

Бірі жеке талап-тілегін айтса, енді бірі қоғамдық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мектепке атау беру, білім беру ұйымдарындағы еңбек дауы, жекеменшік балабақшаларда бала санын көбейту және қаржыландыру, мектепке қосымша спорт зал салу, мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және қолдау, инклюзияға бағытталған кешенді оңалту орталығын ашу сынды проблемалар талқыланды.

Барлық сұрақтарға мұқият назар салған Бейсенбай Дәулетұлы жауапты басқармалардың басшылығына мәселелердің түйіні тарқатылғанға дейін құқықтық сүйемелдеу жүргізу және арыздарды Заң аясында қарауды тапсырды. Өйткені бірқатары қайта зерделеуді қажет етеді. Ал ұсыныс-пікірлер жұмыс барысында ескеріледі. Облыс әкімінің орынбасары ашық диалог алаңында кездесуге дайын екенін жеткізсе, өтініш иелері ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Б.Тәжібаев кестеге сәйкес ай сайын өңір тұрғындарымен бетпе-бет жүздесіп, жеке қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Су тапшылығы күшейген шақта: Қазақстанда су мамандарын даярлау неге кеш қолға алынды?

Redaktor Arysinfo

«Үсті-басы су болып,үйге әрең жетті» Монтайтастық тұрғын көшеде иесіз жүрген иттің 11 жасар қызын тістей жаздағанын айтып,шағымданды

berdaly_oraz

Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

Redaktor Arysinfo