Сөгіс естіген көлік министрлігі ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізеді

Президенттен сөгіс алған көлік министрлігі ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізетін болды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Көлік министрлігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты талдау жүргізілетінін мәлімдеді. Тексеру жұмыстары 20 мамырда басталады.

Айта кетейік, екі күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамытуға арналған қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді. Президент жиында көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады. Ол министрге саладағы мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан:Төлеби ауданының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Түркістанда үлкен теннистен «ATF 14&Under Turkestan G2» турнирі басталды

Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды