Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында құсбегіліктен ересектер арасындағы XVIII Қазақстан чемпионаты өтті. Додаға еліміздің әр өңірінен мықты құсбегілер жиналып, бүркіт, қаршыға және ителгілерін сайысқа қосты.

Жарыс екі күнге созылды. Бірінші күні бүркіттер қолға шақыру, шырғаға түсу сияқты кезеңдерден өтті. Екінші күні қаршыға мен ителгілердің аң алу қабілеті сыналды.

Нәтижесінде, бүркіт бағыты бойынша бас жүлдені Ақмола облысынан Кенжетаев Ерлан жеңді. Қаршыға сайысында Түркістан облысының өкілі Аршабай Дәурен топ жарды, ал ителгілер арасында Қарағанды облысының құсбегісі Оспанкұлов Таңат жеңіске жетті.

Чемпионатқа барлығы 108 құс қатысты. Бұл жарыс Солтүстік Қазақстанда 5 жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 348 отбасы жаңа баспаналы болды

berdaly_oraz

Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

berdaly_oraz

Арыста «Жасыл аула» акциясы өтті: тұрғындар туған жерін көгалдандыруға үлес қосты

berdaly_oraz

Пікір жазу