«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи Сауран қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи Сауран қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаны тазарту, сондай-ақ жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Сенбілікке жергілікті тұрғындармен қатар, еріктілер, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері белсене атсалысты. Қатысушылар қалашық аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.

Акция барысында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Нұрболат Әлімханұлы сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан ауқымды экологиялық бастама екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шара табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында үлкен маңызға ие. Сондықтан Түркістан облысының жастары белсенді түрде қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар орталықтың маманы, белсенді жас Кененбай Арыстан «Жасыл ел» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, жастарды табиғатқа жанашыр болуға үндеді.

Іс-шара барысында тазалық жұмыстарымен қатар, қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатты қорғау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызы мен оны қорғаудың өзектілігі туралы ақпарат берілді.

Шара соңында қатысушылар қала тұрғындарын қоршаған ортаға бейжай қарамауға, табиғатты бірлесе қорғауға және Сауран қалашығы аумағын таза ұстауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық оқушының арманы орындалды: Президенттен ерекше сыйлық

berdaly_oraz

Тоқаев Моңғолиядағы елшіні ауыстырды

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

berdaly_oraz

Пікір жазу