Тоқаев Голан жоталарынан оралған бітімгерлерді марапаттады

Мемлекет басшысы қазақстандық бітімгерлерді марапаттады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Президент 20 бітімгерді әскери борышын үлгілі атқарғаны, БҰҰ Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Осыдан бір жыл бұрын 139 адамнан тұратын алғашқы бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттанған еді. Олардың арасында 7 әйел әскери қызметші бар. Әрбір әскери қызметшіге айына 1448 доллар (730 мың теңге) төленеді.

Марапаттар арасында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік ерігі үшін» медалі бар.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫН

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арысқа жұмыс сапарымен келді

berdaly_oraz

Арыста үй жануарырна қатыгездік жасаған 42 жастағы ер адам ұсталды

berdaly_oraz