«Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасы мәреге жетті

Түркістанда жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық «Turan Cup-2025» турнирінің 2-тур жеңімпаздары анықталды. Бұл додада 2011, 2013 және 2015 жылы туған жас футболшылар бақ сынап, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі. 

Жасыл алаңда 32 команда (536 жас футболшы) өз шеберліктерін көрсетті. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев жеңімпаздарды марапаттап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

2011 жылға дейінгі жасөспірімдер:

І орын  Түркістан қаласының №3 БЖСМ командасы

ІІ орын  Алматы облысы құрамасы

ІІІ орын  «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)

2013 жылға дейінгі жасөспірімдер:

І орын «Оңтүстік Академия» командасы (Шымкент қаласы)

ІІ орын «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)

ІІІ орын «Aibyn» командасы (Астана қаласы)

2015 жылға дейінгі жеткіншектер:

І орын  ОФМБЖСМ командасы (Қонаев  қаласы)

ІІ орын «Legasy» командасы (Астана қаласы)

ІІІ орын «Tarlan» командасы (Шымкент қаласы)

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

Түркістан облысында ер адам жалған айғақ бергені үшін сотталды

Альфия Адамбек

Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды

berdaly_oraz

Пікір жазу