Түркістан: аппарат басшысы тұрғындардың өтініштерін тыңдады

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев облыс тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Қабылдау облыс орталығындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жеке қабылдауға келген азаматтар бірқатар маңызды мәселені көтерді. Атап айтқанда, түркістандық тұрғын ғаламтор серверінің заңсыз салынуын қозғаса, ал жас кәсіпкерлер құрылыс компаниясына қолдау көрсетуін сұрады. Сонымен қатар қала тұрғыны «Құрметті азамат» атағын беру туралы ұсынысын жеткізсе,  енді бірі туысының жұмыс орнын ауыстыру жөнінде өтінішін білдірді.  Бұдан  өзге де мәселелер тыңдалды.

Еркебұлан Дауылбаев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заңдылығын тарқатып түсіндірді. Айтылған шағымдар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді

Түркістанда гид-экскурсоводтар оқыту курсынан өтті

ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАР ОРНАТЫЛУДА

berdaly_oraz