Түркістан: Инвестормен келіссөз жүргізілді

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Бүгін әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков ТОО «Мақтарал Xing Feng» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары инвесторларға жасалған мүмкіндіктермен таныстырды.

Қытайлық инвестор «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында өсімдік майы және мақта өңдеу зауыты жобасын іске асыру жоспарын жеткізді.

Аталған инвестициялық жобаның құны  5,8 млрд. тенгені құрайды және зауыт іске қосылған соң 150 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда тәуелсіз медициналық сарапшылар институты енгізілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен халық сапалы ауыз сумен қамтылды

Redaktor Arysinfo

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ: ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

berdaly_oraz