Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше аталып өтілуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Төле би атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.

– Сіздерге сенім артып отырған ел, үміт күткен ата-ана, талмай еңбек еткен ұстаз бар. Арманға апарар жол – білім мен еңбектен басталатынын ұмытпаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де туған жердің, қасиетті Түркістанның атын абыроймен шығарыңыздар! Сіздерге ақ жол, жарқын болашақ, сәттілік пен табыс тілеймін! – деді қала басшысы.

Түркістан қаласында биыл 55 252 оқушы білім алып, 3069 оқушы 11-сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасты. Олардың ішінде 244 түлек – «Үздік аттестатқа», 183 түлек «Алтын белгіге» үміткер. 44 мектептен 2799 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

berdaly_oraz

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Ұлы дала дүбірі» додасы өтті

Пікір жазу