ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА WORLD CLEANUP DAY СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo kz порталы 

Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқ жолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі қала тұрғындарын тазалыққа белсене атсалысуға және өздері тұратын аймақтарды таза ұстауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Түркістан облысында жалпы ұлттық “Дала дәмі” жәрмеңкелік акциясы өтуде

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «IT JAS IQ» ОБЛЫСТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Қазығұртта жастар Өгем өзені жағалауына сенбілік жұмыстарын жүргізді