Түркістан қаласының жаңа дизайн коды таныстырылды

Түркістан қаласының жаңа дизайн коды таныстырылды: тарихи мұра мен заманауи талаптардың үндестігі

Бүгін «Алатау медиа» орталығында өткен брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленген жаңа дизайн код ресми түрде таныстырылды. Құжат қаланың сәулеттік келбетін реттеуге және бірыңғай көркемдік стиль қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұрады. Онда сәулет және қала құрылысы, сыртқы көрнекі ақпарат, көше жиһазы мен навигациясы, ғимарат қасбеттері, жарықтандыру мен қоршауларға қойылатын талаптар егжей-тегжейлі қамтылған.

Жобаның негізгі мақсаты — Түркістанның бай тарихи мұрасын сақтай отырып, заманауи әрі ыңғайлы қалалық орта қалыптастыру. Дизайн код тарихи және жаңа құрылыс нысандары арасындағы үйлесімділікті сақтауды, әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімді инфрақұрылым жасауды, экологиялық және технологиялық шешімдерді енгізуді көздейді.

Спикерлер дизайн кодтың қала тұрғындары мен кәсіпкерлер үшін маңызына тоқталып, оның жүзеге асырылу тетіктері мен қала құрылысына ықпалы жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Құжат Түркістанды қауіпсіз, эстетикалық және біртұтас сәулеттік келбеті бар заманауи қала ретінде дамытуға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар күшейтілуде

Қазақстанда соңғы қоңырау уақыты өзгерді

Шымкенттік ақын ЮНЕСКО сахнасында арнау айтты

Пікір жазу