Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Бүгін Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде  «Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Салтанатты шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев, Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Аталған орталықтың ашылуы – ауданның әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты және тиімді қолдаудың айқын көрінісі. Аудан халқының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсене араласуына бағытталған маңызды бастама.                                                   

Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Орталықта кәсіби мамандар қызмет көрсетеді. Орталық қызметіне мүгедектігі бар азаматтар мен зейнеткерлер жүгіне алады. Мұнда әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

Шымкент кәсіпкерлері азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан

admin_arysinfo

Түркістан облысында биыл 172 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр