Түркістан облысы: Шардара ауданында автогаз құю бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Шардара ауданында Жаушықұм ауылында автогаз құю бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

21 наурыз күні сағат 16:30-да Түркістан облысы ТЖД-ның «112» пультіне Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы автогаз құю станциясында (АГҚС) жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарылыстың жеңіл көліктің АГҚС-пен соқтығысуынан болғанын анықтады. Салдарынан газ резервуары зақымданып, газдың ауаға таралуы және тұтануы орын алды. Өрт жақын маңдағы автокөлікке де шарпыған.

Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бір адам медициналық қызмет арқылы ауруханаға жеткізілсе, тағы екі адам өз бетінше көмекке жүгінген.

Қазір өрт ТЖД күшімен өрт толық сөндірілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ЖАРЫЛЫСЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БИЫЛ 5 ЖЫЛ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 150 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАҒАН

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды