Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған

Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Бұл модельдің ерекшелігі – қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекеттің жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын болады: 65% – МӘМС жүйесі арқылы, 35% – республикалық бюджет есебінен. Мақсат – халықтың 90%-ын МӘМС жүйесімен қамту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Келер жылдан Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Қазіргі таңда облыстағы тұрғындардың 83,1%-ы МӘМС жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған мәртебе 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан күннің өзінде 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады»-деді сала басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жылумен жабдықтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ «ҚАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo