Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаюжұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар облыстың Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті.

Сор шаю жұмыстары жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайту, топырақтың құнарлылығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін жүргізіледі.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алуда. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр», — деді Түркістан облысы «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Ұқсас жаңалықтар

WSUK Түркістандағы кампусына 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау басталды

berdaly_oraz

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

Пікір жазу