Саурандық жас спортшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінің тумасы, Жалил Абдуллаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Анвар Идрисов жүлделі ІІІ орын иеленді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жас спортшы байрақты бәсекеде табандылық танытып, ел намысын абыроймен қорғады. Бұл жетістік – Анвардың спортқа деген адалдығының, жылдар бойы жасаған қажырлы жаттығулары мен еңбегінің жемісі.

Анвар Идрисовтың жеңісі – жеке жетістіктен бөлек, оның жаттықтырушылары, ұстаздары және отбасымен бірге туған ауыл – Жүйнек ауылы үшін де зор мақтаныш. Ауылдан шыққан жас спортшының халықаралық деңгейде топ жаруы – өскелең ұрпаққа үлгі, өңір жастарына шабыт береді.

Сауран ауданының әкімдігі Анвар Идрисовты, оның ата-анасын және бапкерін лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық акция басталды

berdaly_oraz

Арыс қалалық мәслихат депутаты сайлаушылармен кездесу өткізді

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді