Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

7 наурыз күні Түркістан облысында қолайсыз ауа райы күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, таңертең және күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан қаласында да қолайсыз метеожағдай болжануда. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ал желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Жүргізушілер көктайғаққа байланысты абай болып, жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік арақашықтығын сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілерге қатты жел кезінде аса қажет болмаса, сыртқа шықпау ұсынылады. Қала тұрғындары биік ғимараттардың, құрылыс алаңдарының және ескі ағаштардың жанында жүруден аулақ болғаны жөн.

Ауа райының өзгерісіне байланысты қосымша ескертулер болуы мүмкін, сондықтан ресми дереккөздерден ақпаратты бақылап отыру маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық хирургтер науқастардың алғысына бөленуде

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әлдекімдер атып кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу