Түркістан облысында демалуға шыққан жүкті әйел өзенге батып кетті

Түркістан облысында демалуға шыққан жүкті әйел өзенге батып кетті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында таулы аймаққа демалуға барған жүкті әйел Сайрамсу өзеніне батып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында орын алған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 5 құтқарушысы мен 2 техника жеткен. Алайда 27 жастағы келіншектің денесін судан орманшылар мен туыстары алып шыққан. Белгілі болғандай, ол туыстарымен табиғатқа шығып, тыныстап қайтуға барған екен. Жыл басынан бері өңірде 39 адам әр түрлі жағдайда суға кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Алғашқы махаббат» қойылымының премьерасы өтті

Альфия Адамбек

«ЕҢБЕК КУБОГЫ»: ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ

berdaly_oraz

Шымкентте қандастардың құқығы қорғалды