Түркістан облысында қауіпті қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында жедел-профилактикалық іс-шара өткізген жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Opel Vectra» автокөлігін басқарған 40 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты, Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің рульде есірткілік мас халде және құжатсыз тізгіндегені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шара барысында полицейлер барлығы 334 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 276-сы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 407 адам мен 281 қару иесі тексерілді. Азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзудың 4 жайты анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылықтың 18 фактісін, абаттандыру ережелерін бұзудың 8 фактісін және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтады. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін 3 жасөспірімнің ата-анасы полицияға шақыртылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста халық денсаулығына қатысты комиссия отырысы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ

Redaktor Arysinfo