Түркістан облысында марқұм полицейдің әйелі 14 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Полиция қызметкерінің жесірі 14 млн теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында қызметтік матч кезінде қайтыс болған полицейдің жесірі Ішкі істер департаментінен 14 млн теңге өтемақы өндіру туралы сотта жеңіп шықты.

Марқұм спорттық жарыс кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Кейіннен оның қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмғаны дәлелденді.

Сот жесірдің пайдасына шешім шығарып, мемлекеттік органнан моральдық және материалдық зиян өтемі ретінде қаржы төлеуді міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында даяшы қыз әріптесін алдап кетті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістан облысында 25 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

berdaly_oraz

Пікір жазу