Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта іске қосылды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Теміржол вокзалы алаңындағы айналма жолдың ортасында биік тұғырда орнатылған төрт бағытқа бағдарланған қоғамдық сағат қайта іске қосылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz. 
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мегаполистің көрнекті нысандарының біріне айналған бұл архитектуралық элемент қайта жанданды. Сағат механизмін қалпына келтіру жұмыстары демеушілердің қолдауымен, бюджет қаражатынан тыс жүзеге асырылды. Жөндеу барысында швейцариялық «Hublot» маркасының сапалы қосалқы бөлшектері қолданылды.
Айта кету керек, бұл нысан — Шымкент қаласындағы жалғыз қоғамдық сағат ретінде де ерекшеленеді. Ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін бағыт-бағдар беріп қана қоймай, эстетикалық мәнге де ие.

Ұқсас жаңалықтар

ТЕГІНЕ ТАРТҚАН ТАРЛАНБОЗ  

Redaktor Arysinfo

Металлургия Қазақстанның жетекші және перспективалы салаларының бірі

Қазақстан Балқаш көлін сақтау бойынша негізгі жоспарды Франциямен бірге әзірлейді

berdaly_oraz