Түркістан облысында санитарлық талапқа сай емес полигондар кезең-кезеңімен реттелуде

Түркістан облысында санитарлық талапқа сай емес полигондар кезең-кезеңімен реттелуде,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысы аумағындағы 128 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының 70 пайызы санитарлық-экологиялық талаптарға сай емес. Бұл нысандардың көбінде электр энергиясы, су жүйесі, арнайы көму шұңқыры мен қоршау секілді қажетті инфрақұрылым жоқ.

Аталған мәселені шешу мақсатында облыс әкімдігі «Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендіру жоспарын» бекітіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы үш жылда аудандық бюджет есебінен 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.

2023 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен Созақ ауданындағы үш ауыл округінде жаңа полигон құрылысы басталды. Сонымен қатар Түлкібас ауданында 8, Отырар ауданында 16 полигон жабылып, олардың жер телімдері жер қорына қайтарылды.

Бұл жұмыстар облыстағы тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Альфия Адамбек

АРЫСТА 13 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗАМАНАУИ AVTOBYS ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo