Түркістан облысында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы қарқынды дамуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы шағын өндірістік парктің әр ц жұмысын бақылап, құрылыс пен өндірістік жобалардың іске асу барысын бағалады. Бүгінде 8 кәсіпорын іске қосылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.

Облыста 30 гектар аумақта 39 өндірістік ғимарат салу шам жоспарланған. Жоба 17 млрд теңгеге бағаланып, жалпы инвестиция көлемі 131 млрд теңгеге жетеді. Бұл бастама 1450 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

2024 жылы – 31 млрд теңгеге 10 ғимарат салынып, 8 кәсіпорын іске қосылды (жиһаз, суару жүйесі.)

2025 жылдың 1-тоқсанына дейін – 40 млрд теңгеге 13 ғимараттың құрылысы аяқталып, оның 10-ы пайдалануға беріледі, ал қалған 3-еуі 3-тоқсанда іске қосылады.

Үшінші кезеңде – 61 млрд теңгеге 16 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде.

Аймақ басшысы инвесторларды тарту, жобаларды жылдам жүзеге асыру және өндірістік парктің инфрақұрылымын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ауданды көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту шаралары да назарда болатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда колледж студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиядасы басталды

Ордабасы ауданында Наурыз мейрамында қонақтарға 1 тонна наурыз көже таратылды

berdaly_oraz

Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері сотталды

Пікір жазу