Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше бақылауға алынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты.

Негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары

Жиында заң мен тәртіпті нығайту мақсатында үш өзекті мәселе қаралды:

  1. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жемқорлық тәуекелдері – саланы сыртқы талдау қорытындылары талқыланып, анықталған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
  2. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды қаржыландырудағы тәуекелдерді азайту – бюджет қаражатын тиімді пайдалану, іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.
  3. Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді жою – бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік тосқауылдарды азайту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Жемқорлықтың алдын алу – басты назарда

Комиссия төрағасы, облыс әкімі Нұралхан Көшеров мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта олардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, бизнес пен инвестицияны қорғау, кәсіпкерлердің мәселелерін заң аясында жедел шешу қажеттігін ескертті.

«Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өз ұжымдарында жемқорлыққа қарсы тұрақты түрде қажетті шараларды қабылдауы тиіс,» – деді әкім.

Жиын барысында жауапты басшылардың есептері тыңдалып, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Шымкентте мектеп оқушысы белгісіз себеппен қаза болды

Түркістан облысы Бадам тас жолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты

berdaly_oraz

Пікір жазу