ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

28 қазанда Түркістан облысында республикалық «IQanat» Олимпиадасының І туры өтеді. Аталған сайысқа өңірдегі ауыл мектептерінің 18 мыңнан астам баласы қатысады.

«IQanat» Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде — оқушылар математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.

Бұл олимпиадаға республика бойынша 63 мыңнан астам оқушыл қатысады. Үш турдан өтетін Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы «IQanat» мектеп-пансионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады. Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, «Soft skills», кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.
Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында «IQanat» бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде «IQanat» түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.

Бұл жобаға еліміздегі 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді. Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы Қазақстан ауылдарындағы талантты балалардың білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға атсалысады.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект арқылы Қазақстандағы алғашқы анимациялық фильм Түркістанда дайындалды

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Шардарада армрестлингтен әлем чемпионына үй кілті табысталды

berdaly_oraz