Түркістан облысында теледидар мен ақша ұрлаған адам ұсталды

Түркістан облысы Созақ ауданының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысына барған жергілікті тұрғынды қолға түсірді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Анықталғандай, күдікті ер адам үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, күндізгі уақытта терезе арқылы ұрланып кірген.

Алдымен пәтерден алтын әшекейлерді іздеген. Ештеңе таппаған соң қонақ бөлмедегі «SAMSUNG» теледидары мен ас бөлмесінде тұрған ішінде 60 мың теңгесі бар сейфті қолды етпек болған.

Осы сәтте күдіктінің ұрланған мүліктерімен күмәнді әрекеті полиция қызметкерлерінің көзіне түсіп, оның арам ойын жүзеге асыруға жол бермеді. Полиция қызметкерлері ер адамнан қолды еткен айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Сауранда «Жібек жолының жауһары» атты аймақтық ақындар айтысы өтті

«Бір күндік әкім орынбасары» Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов,ертеңіне орнын босатты

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕ» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Redaktor Arysinfo