Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында өтіп жатқан республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Шымкент – Самара тасжолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары Mercedes-Benz пен бес Toyota Camry көлігінің жүргізушілерін тоқтатып, оларға қатысты маневр жасау ережесін бұзу, жол қозғалысына қауіп төндіру, көлік құралдарын пайдалану тәртібін бұзу баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

berdaly_oraz

Арыста «Мөлдір бұлақ» ұранымен сенбілік өтті

berdaly_oraz

Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

berdaly_oraz

Пікір жазу