ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысын дамытуда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары есепке алынып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, олардың арыздары мен өтініштерін тыңдады. Азаматтар әкімге тікелей сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Еркін форматта өткен қабылдауда азаматтар, негізінен, жеке мәселелерімен келген.
Сондай-ақ қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдіктерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап беруде. Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініші назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Ашық диалог алаңында 100-ге жуық тұрғын түрлі салалар бойынша мәселелерін айтты.  Көтерілген өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, жер және инфрақұрылымға қатысты.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір өтінішке мұқият назар аударып, шешу жолдарын қарастырды. Тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі сол жерде оң шешімін тапса, қалғаны бақылауға алынды. Сонымен бірге қабылдауға жазылған тұрғындарға демеушілер есебінен мерекелік сыйлық тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда алғаш рет “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы ашылды

Оның қолында қару емес,қалам мен микрофон ғана

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Redaktor Arysinfo